$501.49 €525.71 ₽5.77
×

Ақсуда қарттар үйінің қызметкері 84 жастағы қарияны ұрып-соғып, киімсіз далаға қуып шыққан

13.02.2025ж. 20:00
138
Ақсуда қарттар үйінің қызметкері 84 жастағы қарияны ұрып-соғып, киімсіз далаға қуып шыққан

Ақсуда қарттар үйінің қызметкері 84 жастағы қарияны қыстың күні киімсіз далаға қуып шыққан. Бұнымен қоймай дәрменсіз адамды үнемі ұрып соғып келіпті. Қалалық прокуратура мәліметінше, күтушіден 2 адам зардап шеккен. Егде адамдардың қолын бұрап, түрлі азаптау әрекеттерін жасапты. Сұмдық жайт мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

ӘДІЛЕТ ӘЛМҰХАМБЕТОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының екінші бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеп тексеру бастады. Қазіргі уақытта барлық кінәлі тұлғалар анықталды. Тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауына алынды.