$501.49 €525.71 ₽5.77
×

А.С. Макаренко атындағы мектепте ақын Танакөз Толқынқызымен әдеби кездесу өтті

13.02.2025ж. 20:00
265
А.С. Макаренко атындағы мектепте ақын Танакөз Толқынқызымен әдеби кездесу өтті

Қазақ әдебиетін дәріптеу – ұрпақ тәрбиесіндегі басты міндеттердің бірі. Алматы облысы Қарасай ауданындағы Антон Макаренко атындағы орта мектепте оқушыларға замандас ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау жобасы жүзеге асырылып келеді. Соның аясында бүгін ерекше кеш өтті. Шараға аудандағы өзге мектептерден де жас мамандар келіп қатысты. Кеш қонағы – белгілі ақын, «Алтын тобылғы» сыйлығының иегері Танакөз Толқынқызы. Оқушылар бірнеше ай бойы ақынның шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқып, талдайды, түрлі байқауларға қатысады. Ал қорытынды кеште ақынмен тағы бетпе-бет кездесіп, сұхбаттасуға мүмкіндік алады.

ГҮЛБАНУ БЕРДІБЕКОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Танакөз Толқынқызы махаббатты жырлайды. Махаббат ол өмірдегі ең бірінші құндылық. Махаббат бар жерде өмір бар, махаббат бар жерде адамгершілік бар. Махаббат бар жерде достық тағы да басқа асыл ізгі қасиеттер бар. Бүгінгі кеш ол қазақ сөзіне, қазақ өлеңіне, қазақ поэзиясына деген құрмет деп білемін.