$501.28 €526.19 ₽5.86
×

"АМАNАТ" партиясының мүшелері "Таза Қазақстан" акциясы аясында қарттардың ауласын қардан тазалады

AstanaTV
13.02.2025ж. 20:00
163
"АМАNАТ" партиясының мүшелері "Таза Қазақстан" акциясы аясында қарттардың ауласын қардан тазалады

Астанада "Ардагерлерді ардақтайық!" атты акция өтті. Оған еріктілер мен "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері қатысты. Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан қарт кісілердің ауласын тазалап, қарын күреді. Шара "Таза Қазақстан" акциясы аясында ұйымдастырылды.

ГҮЛМИРА АҚТАЙЛАҚОВА, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

"Таза Қазақстан", "Таза бейсенбі" акциясы жыл бойы жүріп жатыр. "Amanat" партиясының қолдауымен біз бірнеше осы ардагерлердің үйін қардан тазартып, сонымен қатар біздің партиямыздың "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында да біз апта сайын шығып осы үлкен кісілерге аталарымызға, ардагерлерімізге көмек беріп тұрамыз.

БОЛАТ РАХЫМЖАНОВ,ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ауа райы биыл кішкене ерекше болып тұр ғой. Біресе қыс болады, біресе жаз болады. Сол еріп кете ма деп қорыққанбыз. Міне сәті түсіп келіп тұр жігіттер, қыздар да бар. Рахмет, ризамыз!

Акцияға алматылықтар да белсенді атсалысты. Партия мүшелері қарияларға көмек көрсетіп, жаяу жүргінші жолдарын мұздан тазалады. Шараға Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі Алматы департаментінің сержанттар құрамы да қатысты. Мейірімділік әлемді жақсылыққа тәрбиелейді. Сондықтан бұндай бастамаларды жиі өткізіп тұрамыз дейді - аманаттықтар.

БАЙМҰРАТ ЖАМБЫЛОВ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

«Таза бейсенбі» акциясы аясында апамызға қол ұшын беру мақсатында көмектесудеміз. Бұл кісі үйінен шығып тұруы өте қиындаған, сондықтан қарды тазартып, сыртқа шығып, дүкенге баруына мүмкіндік жасаудамыз.