$501.28 €526.19 ₽5.86
×

Ақтөбенің Жаңақоныс-4 елдімекенінің тұрғындары ауылға автобус сұрайды

13.02.2025ж. 20:00
163
Ақтөбенің Жаңақоныс-4 елдімекенінің тұрғындары ауылға автобус сұрайды

Ақтөбеде «Жаңақоныс-4» елдімекені тұрғындары күніне 3 шақырымнан астам жолды жаяу жүреді. Ауылға үш жылдан бері қоғамдық көлік қатынамайды. Тұрғындар «Автобус сұрап бармаған жеріміз жоқ» деп отыр. Бүгін олар облыстық әкімдікке барды.

БАҚЫТ ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары мұнда үш жыл бұрын қоныстана бастады. Содан бері ауылға қоғамдық көлік қатынамайды. Халық трассаға жету үшін үш км жерді қар кешіп жаяу жүреді.

Ауылда жүзден астам үй бар, бес жүзге жуық халық тұрады. Қоғамдық көліктің жоқтығынан тұрғындардың қалаға қатынауы мұң.

ТЫНЫСБЕК НҰРСЕЙІТОВ, ТҰРҒЫН:

Қиын өте қиын. Үлкен кісілер бар, аяғы ауыр келіндеріміз бар. Жүре алмайды. Екі км жерге Кобдинский трассаға жаяу барады.

ӘДІЛХАН ӘНЕШОВ, ТҰРҒЫН:

Жұмысшы адамдарға жалпы студенттер, оқушыларға үйірмелерге қатысуға қиындық тудырып тұр. Трассамен өтетін 37 –ші автобус, біздің халық сұрағанда аялдама жүргінші жол жоқ болған соң тоқтамай бізді Құрышсайға апарып тастайды. Не кейін айналдырып әкеледі.

Тұрғындар қоғамдық көлік мәселесін шешуді сұрап қалалық әкімдікке де барған. Былтыр күзге дейін ауылға автобус барады деген. Бірақ еш нәтиже болмапты.

САМАЛБЕК ІДІРІС, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

37 бағыт кіреді. Жаңақоныс-4 елдімекеніне. Схеманы кеше қолдарына тапсырдық. Енді расписание дайындап жатырмыз. Оның барлығы уақыт алады. Расписание береміз. «Автопарк» мекемесі елдімекенге кіреді.

Сондай-ақ шенділер осы жылдың жаз айына дейін елдімекенге жүргінші жолын салып, аялдамалар орнатылады деп уәде етті.