2025 жылғы 11 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол Астана қаласында «Дубай шоколадын» жеткізу және сату туралы «Олх» сайтында хабарландыру жариялаған. Шоколадқа тапсырыс беру үшін хабарласқан адамдарға өзінің есепшотын берген. Сатып алушылар ақша аударғаннан кейін олардың телефон нөмірлерін бұғаттап, 9 жәбірленушіге жалпы сомасы 176 300 теңге залал келтірген.
Сот оған 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.