$502.47 €525.83 ₽5.68
×

"Әкемнің қазасынан кейін босандым": Мерей Абилова жанына батқан ауыр сәтті есіне алды

AstanaTV
14.02.2025ж. 12:35
202
"Әкемнің қазасынан кейін босандым": Мерей Абилова жанына батқан ауыр сәтті есіне алды
Фото: https://www.instagram.com/abilovva_m/

Танымал блогер Мерей Абилова марқұм әкесін есіне алып, ол жайлы сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы журналист Айнұр Ілиясоваға сұхбат беріп, жан сырын ақтарды. 

“Таңертең күйеуім өзінен-өзі келіп, “Құшақтап, “сені жақсы көремін” деді. Жүзінде бір мұң барын байқадым. Таразға жолға шығу керек дегенінен-ақ бәрін түсіндім. Жолдан сіңлімізге соқтық. Жездеміз оған көңіл айтып, жазып жіберді. Оны оқып, көліктің ішінде жыладық. Меркіге жектенше жылап бардық. Ондай өлімді бірінші рет көріп тұрғасын қатты күйзеліске түстім. Бірақ екіқабат болғасын өзімді ұстауға тырыстым. Әкемнің қазасынан кейін, екі аптадан кейін босандым”, – деді блогер. 

Одан кейін желі жұлдызы марқұм әкесінің ерекше қасиетін де атап өтті. 

“Құжат бойынша ол кісі 78-де. Бірақ 80-ге қараған шағында дүниеден озды. Өте керемет кісі болатын. Біздің бәрімізге жақсы тәрбие берді. Ең бірінші басшы болды. Әділ, мейірімді кісі болды. Бірақ балажан емес еді. Оны өзіміз сезетін едік. Тек маңдайымыздан сүйетін. Соның өзі керемет сезім болатын. Анамыз әкеміздің дәрежесін көтеріп отырды. Өзім де ер азаматты сыйлап жүремін. Анам берген тәрбиемен қызымды тәрбиелеймін. Менің сәбилі болғанымды көре алмай кетті. Қазір анамызды қасымызға көшіріп алдық. Тұрған үйімізді бала-бақшаға жалға бердік”, – деп көңілі босады Мерей.