Кеше Астанада өткен «Барыс»-СКА хоккей командаларының кездесуінде Қазақстан хоккей клубының жанкүйері ортаға шығып, сүйген қызына ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ең қызығы сол, оның жанкүйер болған командасы 2:5 есебімен жеңілсе, жүзік ұсынған қызы оған тұрмысқа шығудан бас тартты.
Қазір екі жастың арасындағы оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Айта кетейік, «Барыс» хоккей клубы кешегі жеңілісінен кейін плей-офф кезеңіне шығатын мүмкіндіктерінен толық айырылды.