$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Ақтөбеде «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері әскери бөлімде экскурсия ұйымдастырды

14.02.2025ж. 20:00
468
Ақтөбеде «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері әскери бөлімде экскурсия ұйымдастырды

Ақтөбелік оқушылар әскери бөлімге экскурсия жасады. Оған 70-ке жуық оқушы қатысты. "AMANAT" партиясы "Жастар рухы" Жастар қанатының белсенділері ұйымдастарған шара "Сарбаз болғым келеді" акциясы аясында өтті. Әскери өмірдің қыр-сырымен танысқан оқушылар сарбаздардың казармадағы бір күнін тамашалап қайтты. Жасөспірімдерге әскери қару-жарақ пен техникалар таныстырылды. Сондай-ақ олар алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді. Мұндай шара "Қайсар" әскери-патриоттық жобасы аясында жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді.

ЖАНСАЯ ШАРБАҚОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Осы жоба аясында бүгін «Сарбаз болғым келеді» акциясы жүргізіліп жатыр Ақтөбе қаласында Жобаның негізгі мақсаты бұл жастарда патриоттық сезімді ұлғайту және әскери қызметті жақыннан көрсетіп, әскери қызметке баулу, қызығушылығын арттыру.

ЕРКЕБҰЛАН САТЫБАЛДЫ, № 36 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:

Оныншы кластан бері шагап етуді , автоматты шашып, құрауды, жауынгер өзін қалай ұстауы керек екенін мінезін үйретті. Менің кішкентай кезімнен арманым военный боламын деген. Мақсатым 10 класта военныйды таңдап отырмын.