Батыс Қазақстан облысында су тасқыны биыл да қайталануы мүмкін. Әзірге Деркөл өзенінің суы көтеріледі деген қауіп бар. Бұл туралы «АMANAT» партиясының облыстық филиалындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысында айтылды. Дегенмен мамандар тасқынға тас-түйін дайынбыз дейді. Бүгінде қаладан 53 мың текше метр қар шығарылып, бөгеттер биіктетіліп, нығайтылып жатыр. Сонымен қатар су өткізетін арналар салынған. Дегенмен өңірдегі 186 елдімекенге қатер төніп тұр. Енді мамандар арнайы жұмыс тобын құрып, Ресейдегі Орынбор қаласына бармақ. Осылайша көршілермен Иректі суқоймасының суын Жайық өзені арқылы қауіпсіз жіберу мәселелерін талқылаймыз дейді. Бүгінде топырақтың ылғалы қалыпты жағдайдан 65% төмен. Бірақ күн күрт жылынса, аймақтағы жағдай қиындауы мүмкін екенін жасырмайды.
ЕРНАР ЖӘЛЕЛОВ, БҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазгидрометтің дерегінше, қардың қалыңдығы 5-15 сантиметр аралығында. Топырақтың тоңы да былтырғымен салыстырғанда екі еседей жұқа. Былтыр мұздың қалыңдығы 70 миллиметр болса, биыл 20 миллиметр ғана. Әзірге жағдай қалыпты, қажетті инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр.