Тәрбиеші жылап жатқан баланы жұбатудың орнына, орындығын былай да былай сүйреп, жұлқылап, аузын басады. Бүлдіршін дем жетпегендіктен, айыпталушының қолынан босап шығуға барынша талпынады. Дегенмен, қатігез тәрбиеші оны сүйреп тартуды тоқтатпаған.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ :
Бостандық аудандық полиция Басқармасына қарасты полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.