$505.15 €550.31 ₽5.89
×

«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы түсірілді

14.02.2025ж. 20:00
339
«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы түсірілді

«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы бар. 1963 жылы түсірілген туындыда Қожа бесінші сынып оқушысы болса, «Қожа: Жаңа саяхат» атты екінші кинода жасөспірім шаққа аяқ басады. Шығармашылық топ туындының жалғасында сол заманның атмосферасын еш өзгеріссіз көрсетіп, әйгілі шығарманың айтылмаған тұсын бүкпесіз көрсетуге тырысқан. Көрермен асыға күткен фильм 13 наурызда көрерменге жол тартады.

АЙҚЫН ЕЛУБАЙ, АКТЕР:

4-жарым ай бойы дайындалдым Алматыда. Ауылға бармай, Шымкентке бармай. Басында қиын болды. Нұрлан ағамыздың образын сала алмадым басында. Бірінші күні. Сөйтіп қуат Ибрагимов деген режиссер айтады, өзіңді ойнашы, сенде бар деді.

САДЫҚ ШЕРІМБЕТ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Алғашқы Қожаның ремикі деген пікірлер жүр. Негізі ол ондай емес. Бұл фильм жаңа және бірінші фильмнің жаңасы. Өте бөлек сюжеттер. Бір қаһармандар болса да, бөлек сюжеттер және бір сахнадағы екі түрлі заманның актуализациясы мен интерпретация беретін бір фильм болып шығып жатыр.