"АМАNАТ" партиясының өкілдері қарттардың ауласын қардан тазалауға көмектесті. Қарағанды облысы Абай қаласында "Таза Бейсенбі" акциясы өтті. Абай аудандық филиалының қызметкерлері мен "Жастар рухы" белсенділері апта сайын зейнеткерлердің үйлеріне барып, олардың күнделікті мәселелерін шешуде. Қариялар қыста ауланы ретке келтіру қиын екенін айтады. Қар үйінділері жүріп-тұруды қиындатып, есік алдындағы дүкенге жол табылмайды, дейді. Партия мүшелері тұрғындарды акцияны қолдауға, қарттарға көмек көрсетуге шақырды.
БАУЫРЖАН ТӨЛЕГЕНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Зейнеткерлердің үйлерін қыста қардан, жазда қоқыстан тазартамыз. Бұл бір реттік шара емес, әр апта сайын "Таза Бейсенбі" өткізіп тұрамыз. Бізде мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен аз қамтылған 100-ден астам отбасы бар.
ЛЮБОВЬ ЧЕРНИКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
"АMАNАT" партиясының өкілдері "кімге көмек керек, хабарлассын" деп телефон нөмірлерін берді. Зейнеткерлерге көмек көрсету игі іс. Жасы егде тартқан адамдарға жәрдемдесу керек.