Астанадағы Президент Архивінде еліміздің 1918 жылдан бергі саяси тарихына қатысты құжаттар жинақталған. Президент архивінің жаңа ғимаратына барған Мемлекет басшысы, бұл маңызды қағаздарды сақтайтын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орта Азиядағы алғашқы архив екенін баса айтты. зертханалар, оқырман залдары, интерактивті экспозиция жұмыс істеп тұр. Мұндағы 24 мұрағат қоймасы қағаз жүзіндегі құжаттарды, түрлі жазбаларды, сондай-ақ, электронды құжаттарды сақтауға арналған.
Бұл - Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысында білім ордасының көлемі 10 мың шаршы метрге ұлғайтылды. Жалпы ауданы 38 мың шаршы метрге жуықтайды. Нәтижесінде жаңа арнаулы аудиториялар ашуға мүмкіндік туды. Ауқымды іс-шаралар өткізетін 1100 орындық концерт залы, академиялық музыкаға арналған камералық зал, дайындық студиялары мен қылқалам шеберлерінің туындылары қойылатын көрме галереялары студенттердің игілігіне беріледі.