$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Зардап шеккендерді қабылдау үшін 3,5 мыңнан астам пункт дайындалды

14.02.2025ж. 20:00
222
Зардап шеккендерді қабылдау үшін 3,5 мыңнан астам пункт дайындалды

Елімізде 1200 ден астам елдімекенді су басуы мүмкін. 9 өңірде қауіп жоғары. Көктемгі тасқынның алдын алу мақсатында қазір азаматтық қорғау қызметтерінен жалпы саны 37 мыңнан астам құтқарушы, 13 мыңнан астам техника жасақталған. 4 мыңдай су айдау және 640 жүзу құралы дайын. 3,5 мыңнан астам эвакуациялық пункт ұйымдастырылған. Енді жедел су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Оңтүстік және батыс өңірлердің су тасқыны қауіпті учаскелерінде бекеттер қойылды. Олар тәулік бойы қалыптасқан жағдай туралы ақпаратты береді.

ӘСЕТ ЖЫЛҚАЙДАРОВ, ҚР ТЖМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қорғаныс бөгендерін нығайту, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту, инертті материалдарды алдын ала дайындау бойынша іс-шаралар пысықталды, сондай-ақ халықты құлақтандыру, зардап шеккендерді эвакуациялау және орналастыру механизмі тексерілді. Наурызда қалған өңірлерде осындай іс-шаралармен жаттығудың екінші кезеңі жоспарланған. Оқу-жаттығу аясында су тасқынын жою бойынша іс-қимыл алгоритмі пысықталды.