Астаналық инновация мектебінің 25 мұғалімі «AMANAT» партиясына қабылданды. Партия билетін табыстау шарасы «Smart Technological School» білім ұясында өтті. Шараға қатысушылар мектептің инновациялық білім беру тұжырымдамасы және оның даму жоспарымен танысты. Білім беру саласындағы ынтымақтастықтың алдағы перспективаларын талқылады.
МҰХАММЕД БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Салтанатты түрде жұмысшы маман иелерін, сондай-ақ белсенді нәзікжазды аруларды, сондай-ақ түрлі салалардың өкілдерін партиямызға салтанатты түрде қабылдап жатырмыз. Дәл қазіргі таңда жалпы Астана қаласында бізде 38 930 партия мүшесі бар.
НАДЕЖДА ТКАЧЕНКО, МҰҒАЛІМ:
Мектебіміз «Smart» технологиясы негізінде құрылған. Біз әртүрлі технологияларды қолданамыз. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретеміз. Бүгін біз «АМАNАТ» партиясына қосылдық. Біз өте қуаныштымыз. Өйткені біз Қазақстанның болашағы мен гүлденуіне ұмтылатын ұжымның бір бөлігіміз.