$495.28 €538.32 ₽5.77
×

Астанада теміржол вокзалы жанында жарылыс болды: куәгерлер не дейді?

14.02.2025ж. 20:00
200
Астанада теміржол вокзалы жанында жарылыс болды: куәгерлер не дейді?

Астанада ескі вокзал маңында жойқын жарылыс болды. Ол жақын аудан тұрғындарына сезілген. Кей жерлерде тіпті терезелер сынған. Бір адам жарақат алды.

Жарылыс түнде болған. Әлеуметтік желіде оның видеосы тарады. Жарылыстың қатты болғаны соншалық вокзалға жақын аумақтың тұрғындары да сезген.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Түн ортасында әйелім екеуміз шошып ояндық. Бастапқыда үйде газ жарылды ма деп ойладық. Бірақ, ондай белгі болмаған соң, балконда ауыр бірдеңе құлады деп, қоя салдық. Сүйтсек, жарылыс толқыны бір шақырым жерден бізге дейін жетіпті.
- Дауыс естілген жоқ. Бірақ, қызы хабарласып, әкесі көлікпен кетті. Суретке түсіріп алып келіпті. Көрдім.
- Жарылыс болғанын естідім. Бірақ, білмеймін қалай болғанын. Көрген жоқпын. Үйде болдым.

Қазақстан Темір Жолы Ұлттық Компаниясы бірден ресми мәлімдеме жасады.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Алдын ала мәлімет бойынша контейнердегі жүк - электр жабдықтары болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Контейнер жеке компанияға тиесілі болып шықты.

Бұл оқиға бойынша көліктегі полиция қызметі қылмыстық іс қозғады. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу бабы бойынша кінәлілер анықталмақ.

МӘЛІК ҚАЙБАР, ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Астана станциясы сұрыптау паркінің жанында пойызбен жеткізілген контейнер жарылысы орын алды. Жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп төнген жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Мән-жайлар анықталуда.

Жарылыс салдарынан бір адам зардап шеккен. Жедел жәрдем жылдам жетіп, тиісті медициналық көмек көрсетілді.