$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Қарағандыда 18-дегі жігіт зейнеткердің 1 млн теңгесін жымқырды

14.02.2025ж. 20:00
196
Қарағандыда 18-дегі жігіт зейнеткердің 1 млн теңгесін жымқырды

Қарағандыда 18-дегі жігіт зейнеткердің 1 млн теңгесін жымқырды. Алаяқ өзін дәрігермін деп таныстырып, қарияның қызы жол көлік оқиғасына кінәлі екендігін айтқан. Жәбірленушіге тез арада өтемақы төлеу керек деген сылтаумен қомақты қаражатты аудартқан. Бұл-бір ғана жағдай. Ал елімізде алаяққа алданатындар көп.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

- Алло, сәлеметсіз бе! Дәрібек сіз біздің ұтыс ойынымызға қатысыпсыз.
- Қандай ұтыс ойыны? А, иа есіме түсті.
- Құттықтаймын! Сіз 2 млн теңгенің иесі атандыңыз.
- Рас па? Алдап тұрған жоқсыз ба?
- Жоқ, әрине қаласаңыз біздің банк туралы мәліметтерді сізге жіберейін. Біз 5 жылдан бері тұрғындарға адал көмек көрсетіп келеміз.
- Ақшаны алу үшін не істеу керек?
- Әрине, мен сені аяймын. Бірақ оған мен кінәлі емеспін. Сенің аңғалдығың кінәлі.

Әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп алаяқтың құрбаны болғандырдың - бірі Жанас Нұрмұхаммед. Ол биржа арқылы табысын арттырмақ болған. Алаяқтар оны сендіру үшін алдымен арнайы курс оқытқан. Жанас оларға әуелі 100 доллар аударған, бірте-бірте бұл сомма 500 долларға жеткен. Қажетті ақшаны қалталарына басқан алаяқтар артынша ізім ғайым жоғалған.

ЖАНАС НҰРМҰХАММЕД, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

100 доллар в принципе көп ақша емес, салып көрейін дедім. Сол ақшаны екі еселеп алдым. Оны снимать еттім. Одан кейін ақшаны табудың оңай жолы деп сендім. Одан да көп ақша салдым.

Алақтар күннен күнге ақша жымқырудың түрлі тәсілін шығарып жатыр. QR-код, түрлі сілтемелерді сканерлеу немесе сілтемеге өткен жағдайда алаяқтар азаматтың аккаунтына қол жеткізеді. Бұған қоса смартфон, гаджетіне зиянкес бағдарлама енгізіп, "вирус" жұқтырады. Артынша банк есепшоттарының құпия мәліметтері ұрланады. Соңғы жылы 2 мыңға жуық адам түрлі сілтемелерге өтіп, қаражатынан айрылған.

АЙДАР ҚОНЫСБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

QR кодтардың барлығына өту опасно. Күман тудыратын сілтемелерге өтпеу қажет. Әр нәрседен өтпес бұрын қарау керек. Оның қажеті бар ма, жоқ па? Информационный каналдың аты жазылып тұрса, оны тексеріп барып тіркелген дұрыс.

Шынымен де қазір біреудің атына онлайн несие рәсімдеу оп-оңай. Заңгер Жандос Тұяқов банктердегі кредит беру механизміне шұғыл өзгерістер қажет дейді.

ЖАНДОС ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:

Онлайн кредит мәселесіне қатаң тоқталу керек, Екінші деңгейлі банк қызметкерлері нақты механизм ойластыруы керек. Қазір онлайн несие алаяқтар үшін жасалып тұрған дүние сияқты

Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркеледі. Қылмыстың 80 пайызға жуығы әшкереленбейді. Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура және басқа да ведомстволарға күш-жігер біріктіру қажет деді.