Тобыл өңірінде былтыр 1300 адам еңбек инспекциясына жүгінген. Жұмысшылардың көбі өз құқығын қорғай алмайды. Оларға құқықтық кеңес беру қажет. «Заң және тәртіп» жобасы аясында Қостанайда бірқатар мемлекеттік органдар мен ұйымдар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы халықтың құқықтық білімін арттыру көзделіп отыр. Ал кәсіпкерлер палатасы арқылы борышкерлерді жұмыспен қамту,өңірдің туристік әлеуетін көтеру, зияткерлік меншіктің жаңа географиялық белгілерін елге етене таныстыру секілді ауқымды жұмыстар атқарылмақ.
ЕЛЬМИРА МҰХАМЕТҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі таңда көптеген жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында әртүрлі құқықтық даулар туындауда.Осы дауларды шешу кезінде әсіресе жұмыскерлер емес жұмысшылар тарапына құқықтық көмек, яғни білікті құқықтық көмек көрсету қажет болып отыр.Осы құқықтық көмекті біз меморандум арқылы облысымыздағы кәсіби адвокаттармен, заң кеңесшілерінің көмегімен беруді көздеп отырмыз.