Қалдықтың өзі қымбат. Астанада қоқыс шығару тарифі бірден екі есеге өсті. Жаңа қаулыда көп қабатты үйдің тұрғындарына 637 теңге, ал, жер үйдегілерге 679 теңге деп бекітілген. Бұған дейін жан басына 309 теңге болатын. Мәслихат жаңа тарифті бекітті.
ДӘУЛЕТ ДОСҚҰЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Елордада қолданыстағы тарифтер аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына азаматтардың санатына қарай 25 пайыздан 100 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар, жеңілдіктер мүгедектігі бар, жетім балаларды тәрбилеп отырған отбасыларға, көпбалалы отбасыларға да қатысты.
Тариф 5 жылдан бері өзгермеген. Бағасын бірден екі есе көтергенге көпшілік таңырқап қалды.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Конечно қымбат. Кішкене азарту керек. Бұл болмайды ол. Халыққа қиын ба? Қиын.
- Сол баяғы баға болу керекқой негізі. 300-ден 700-ге қалай ол? Бірден көтеруге болмайдығой.
- Білмедім, білмедім.