$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Қазақстандық боксшы Испанияда жеңіске жетті

14.02.2025ж. 20:00
451
Қазақстандық боксшы Испанияда жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Испаниядағы турнирдің финалында камбэк жасады. Жерлесіміз Ерхан Тұрдан алтын жүлдеге талас кезінде нокдаун алғанына қарамастан, қырғызстандық Ислам Торобаевтан басым түсті. 57 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз бауырлас елдің былғары қолғап шеберін 5 те 0 есебімен жеңді. Спортшымыздың табандылығы мен ауыр соққыға лайықты төтеп бере алғанын Азия бокс конфедерациясы да жоғары бағалады. Елге оралған жас чемпионды жерлестері жылы қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.