Белгілі продюсер Нұртас Айдарбеков отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Медиа менеджер немересінің сүндеттелгенін айтты.
“Өзімнің ұлымдарымды сүндетке отырғызған кезде, өзім жас болдым ба, еш нәрсе ойлаған жоқ едім. Осы немерелерімді сүндетке отырғызғанда мен үшін қиындау болды. Бүгін бәрі артта қалғандай, немерем жүгіріп жүргенін көріп, көңілім жайлаған соң, салып отырмын, ағайын! Алла баршаңызға осындай қуанышты күн сыйласын”, – деп жазды продюсер.