$498.69 €522.23 ₽5.79
×

«Әли Оқаповтан ұсыныс түсті»: Ақерке Бүркітбай оқырмандарына жаңалығын жеткізді

AstanaTV
15.02.2025ж. 09:15
136
«Әли Оқаповтан ұсыныс түсті»: Ақерке Бүркітбай оқырмандарына жаңалығын жеткізді
Фото: instagram.com/akerkeburkitbay

«Assyl» тобының мүшесі, қобызшы Ақерке Бүркітбай күйеуі Әли Оқаповтан бейнебаянға түсу туралы ұсыныс түскенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Бала күтімімен демалыста болған өнер иесі түсірілімді сағынғанын жасырмады. Айтуынша, қазір бейнебаянның түсірілім жұмыстары басталған. 

"Біз қазір бейнебаян түсіріп жатырмыз. Оған мені бір жігіт шақырды", - дейді ол Instagram желісіндегі stories-те Әли Оқаповтың парақшасын белгілеп. 

Өнер иесі көлік сұрағанын жеткізді.

"Түсіп беріңізші, сізге гонорар төлеймін деді, соған мына көлікті сұрап отырмын гонорарға", - дейді Ақерке Бүркітбай.