Астанадағы Пушкин мен Янушкевич көшелерінің қиылысында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына елордалық полиция департаменті хабарлады.
Полицияның мәліметінше, Iveco маршруттық автобусының жүргізушісі Пушкин мен Янушкевич көшелерінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісін елемей, жолды кесіп өткенде "МАЗ" жүк көлігімен соқтығысқан.
"МАЗ" бар инерциясымен ұшып Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан, ал ол кезегінде Chevrolet Cobalt-ты түйіп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Тексеру амалдары жүргізілуде", - деді ведомстводан.