$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

AstanaTV
15.02.2025ж. 16:17
183
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Наурызда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Өтінішті 25 ақпанға дейін app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады.

Ал тестілеу 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді. 

Аталмыш тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

- орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

- шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;

- өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);

- ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;

- шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).

Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Айта кетейік, талапкерлер тестілеу өтетін күнді, уақытты және орынды өздері таңдайды.