Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында қала аумағында есірткі таратумен айналысқан 36 жастағы азаматты ұстады. Жеке тексеру кезінде ер адамның күртесінің қалтасынан 300 мың теңгеге жуық ақша табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кейін үйінде, асүйдегі шкафтан 937 мл көлеміндегі сұйық ашық-қоңыр түсті зат құйылған пластикалық бөтелке, 400 майды құюға арналған пластикалық ампула және ішіне сұр-жасыл түсті зат салынған қағаз түйіншек табылып, тәркіленді. Алдын ала болжам бойынша тәркіленген зат — гашиш.
Сонымен қатар, күдіктінің айтуы бойынша ол есірткіні таратуға арналған мекенжайлар да тексерілді.
"Нәтижесінде бірнеше орыннан әрқайсысында 4 ампуладан бар екі түйіншек алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бөтелке мен ампулалардағы зат "каннабис шайыры" есірткісі болып шықты. Осылайша, заңсыз айналымнан шамамен 1 литр гашиш майы тәркіленді. Тергеу барысында ер адамға Telegram арқылы есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеу ұсынылғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары азаматтарға есірткіге байланысты кез келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.