$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Қостанайда жаңа жылдық сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты

AstanaTV
16.02.2025ж. 08:59
137
Қостанайда жаңа жылдық сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты

Қостанай облысының Қамысты ауданында аудан әкімдігі маңындағы алаңда жаңа жылдық сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Наша газетаның" ақпараты бойынша, биіктігі шамамен 4,5 метр болатын сырғанақ 13 ақпанда бұзылған. Ағаш құрылымдарды бөлшектеу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап, сол күні түнде аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға фактісін орталық аудандық аурухана да растады.