$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Ресейде ата-ана қамқорлығынсыз қалған өзбекстандық балалар еліне оралды

AstanaTV
16.02.2025ж. 12:49
185
Ресейде ата-ана қамқорлығынсыз қалған өзбекстандық балалар еліне оралды
Фото: pinterest.com

Ресей аумағында ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған өзбекстандықтар еліне қайтарылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

 Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігінің дерегіне сәйкес, Мәскеудегі уақытша орналастыру орталығы мен Өзбекстан ІІМ қызметкерлерінің жәрдемімен 3 бала Отанына қайтарылды. 

Бүлдіршіндердің біреуі Ресейге анасымен, қалған екеуі ата-анасының сенімхаты негізінде туыстарымен барған. Кейін балалардың жақындары аталған елдің заңына қайшы әрекеттер жасап, тиісінше Өзбекстанға депортацияланған. Ал кәмелетке толмағандар осы кезге дейін уақытша орналастыру орталығында болды.