Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ШЫҰ жастар форумының ашылуы

AstanaTV
08.06.2017ж. 20:00
2320
ШЫҰ жастар форумының ашылуы

Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық жастар форумы ашылды. Жиында жасыл экономика, туризм мен спорттың дамуы талқыланбақ. Форум жұмысына Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғыз елі мен Тәжікстан, Белоруссия, Пәкістан және Үндістаннан делегаттар келді. Қазақстанның атынан "Нұр Отан" партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов пен "Жас Отан" жастар қанаты өкілдері қатысып жатыр.

"ШЫҰ құру бастамасын көтергендердің бірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "бұған жастардың қатысуы маңызды фактор" деген болатын. "Нұр Отан"  партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов өз сөзінде осы жайды айрықша атап өтті. Сондай-ақ форумға жастар ұйымдарының көшбасшылары мен бизнес өкілдері келген. Жастар кеңесі 2017-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылау бойынша тематикалық секциялар мен кездесулер, мәдени шаралар өткізбек.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

Жастардың күшін жұмылдырып, діни экстремизм мен радикализмге тосқауыл қою сияқты мәселелер де бар. Біздің ойымызша, бүгінгі бастапқы отырыстан кейін болайын деп жатқан семинарларда бұл нақты мәселелер талқыланатын болады.

Цзя Бо, Бүкілқытайлық жастар федерациясы бас хатшысының орынбасары:

Бүгінгі талқыланатын басты мәселе - ШЫҰ жастар ұйымына мүше елдердің ақпараттық орталығын құру болмақ. Мұнан өзге қатарымыз толығып  жатқанын да айта кеткен жөн. Келер жылғы форум Қытайда өтеді деп жоспарлап отырмыз. Онда да жаңа жетістіктер күтетін боламыз.