2025 жылы ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтеді. Ұлының атын Абай қойғандарға 180 мың теңгеден беріледі
Осыған орай «Асылтас» қоғамдық қоры 2025 жылды Абай жылы деп жариялап, ерекше бастама көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қор 2025 жылдың 10 тамызында дүниеге келіп, Абай есімі берілген әрбір сәбиге 180 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстайды.
Қалай қатысуға болады?
Ата-аналар 2025 жылдың 10 тамызында дүниеге келген және ресми түрде Абай есімі берілген балалары үшін «АСЫЛТАС» қоғамдық қорына өтінім бере алады. Қатысу шарттары мен өтінім беру формасы алдағы уақытта жарияланады.