$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Құтқарушылар тауда адасып кеткен жасөспірімдерді тапты

AstanaTV
17.02.2025ж. 09:00
134
Құтқарушылар тауда адасып кеткен жасөспірімдерді тапты
Фото: видеодан скрин

 Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түскен кезде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы шақырту орнына шыққан. 

Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті. 

- Құтқарушылар оларды таудан түсірді. Кейін құтқарушылар менполиция қызметкерлері жасөспірімдерді ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ, - делінген ТЖМ хабарламасында. 

Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыс білдірді,- деп хабарлайды kaz.inform.kz.