$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Тойға күзетшілермен келген әзербайжандық әнші жұрттың ашуын туғызды

AstanaTV
17.02.2025ж. 10:44
113
Тойға күзетшілермен келген әзербайжандық әнші жұрттың ашуын туғызды
Фото: Azattyq Rýhy (скриншот)

Алайда әзербайжандық әншінің тойханаға төрт-бес күзетшімен кіріп келуі жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған видеода танымал әзербайжандық әншінің қазақ тойында өнер көрсеткенін көруге болады. Ол өзінің ең танымал «Istedim» әнін орындады. Роза Зергерлі ән шырқап болғанша оны оққағарлары қорғап тұрды.

Шетелдік әртістің мұндай әрекеті пікір білдірушілердің ашуын туғызды, көбісі оны танымағанын айтады.

«Мынау кім? Президенттен бетер қорғанып жүр ғой», «Жабайы қазағым-ай, сонша шашылып», «Бұл кім?», «Күзеттің түрін-ай», «Бүйтіп шақырғанша өзіміздің әдемі қыздарды шақырмай ма?» – деп жазады желі қолданушылары.