$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Брюссельде метро маңында атыс болып, бір адам қаза тапты

AstanaTV
17.02.2025ж. 11:55
171
Брюссельде метро маңында атыс болып, бір адам қаза тапты
Фото: https://amacumara.ru/

Бельгия астанасы Брюссельде метро маңында тағы атыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

19 жастағы жігітті бетперде киіп, қаруланған қылмыскер метроға кіре бергенде атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл - «Клемансо» метро станциясында соңғы екі аптада болған үшінші атыс. Бұған дейін 3 адам жараланған еді.

«Бұл заңсыз есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың өзара текетіресі», - деп мәлімдеді Брюссель прокуроры.

Қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ. Құқық қорғау органдары қала бойынша іздестіру операциясын жалғастыруда.