Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елбасы Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

AstanaTV
08.06.2017ж. 20:00
2500
Елбасы Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Иран басшысы Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Тегеран қаласында болған лаңкестікке байланысты Қазақстан халқы мен жеке өз атынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. 

«Біз бейбітшілікке қауіп төндіретін халықаралық терроризм мен экстремизмнің кез-келген түрін қатаң айыптаймыз. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте Қазақстан Иранмен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын», - делінген жеделхатта. 

Еске салсақ, 7 маусымда төрт лаңкес Тегеранда атыс ұйымдастырды. Олардың бірі ғимарат ішінде жарылыс жасады. Тағы белгісіз үш адам парламентте оқ атып, оның салдарынан бір адам қаза тапқан. Тағы бірнеше тұрғын жараланды. БАҚ деректеріне сәйкес, лаңкес жанкешті белдігін іске қосқан. ДАИШ лаңкестік тобы жауапкершілікті өз мойнына алды. 

Айбек ҚОСАН