Екібастұзда сауда үйінің төбесі құлады. Салдарынан 6 адам түрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккендердің көбі -бала. Олар ауруханаға өздері жүгінген. Дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді. Науқастарға амбулаториялық ем дом тағайындалды. «Maxi Mаll» сауда орталығы шаһардағы ең үлкен ойын-сауық кешені. Аумағы 28 мың шаршы метр. 4 қабаттан тұрады. Мұнда, киім дүкені, мейрамхана, дәмхана, кинотеатр, банк филиалы сияқты түрлі қызмет көрсету орындары бар. Оқиға болған сәтте сауда үйінде мыңға тарта адам болыпты.
АЛТЫНБЕК ҚҰРМАШ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Біз «Maxi Mall» орталығының 1-қабатында шығар входқа қарай келе жатқанда адамдар жүгіре бастады. Біз ішке кіргенде бәрі құлап жатыр. Дереу сыртқа шығып кеттік.
Ойын сауық орталығы 2007 жылы ашылған. Осыдан 2 жыл бұрын киім бутигінде өрт болған. Басқа ақау анықталмапты. Бірақ, төбенің не себепті құлағаны белгісіз. Мамандар қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ал полиция аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады. Сауда үйі уақытша жабылды.
АСХАТ АМАНГЕЛДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД №6 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Оқиға орнына келген мамандар 3 қабаттың аспалы төбесінің құлағанын анықтады. Құлаған жердің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрайды. Қаза болғандар жоқ.