Әйелдер ұшақта төбелес шығарып, айыппұл арқалады. Жанжал Анталия - Астана бағытындағы рейсте туындаған. Қазақстандық екі әйел өзге ел азаматтарымен сөз таластырып, даудың соңы төбелеске ұласты. Салдарынан ұшақ Эрзурум қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Қызуқанды жолаушылар ауруханаға жеткізіліп, кейін полицияға тапсырылды. Оқиғадан соң түрік әуе компаниясы өтемақы ретінде олардан 120 мың доллар айыппұл талап еткен.