Алматыда күдіктіні азаптаған екі полицей сотталды. Қылмыстық істі Алматының арнайы прокуроры тергеп-тексерген. Олар күдікті деп айыпталған азаматқа бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаулар қолданған. Жәбірленушіге тән азабы келтірілген. Олардың бұл ісі заңға қайшы деп танылды. Сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
РАЙЫМБЕК ШӘРІПБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. Прокуратураның ұсынуы бойынша қарамағындағылардың қызметіне бақылаудың жоқтығы және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.