$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Қызылордада республикалық командалық айтыс өтті

Қызылордада республикалық командалық айтыс өтті

Қызылорда республикалық «Адал еңбек – ел ырысы» тақырыбында командалық айтыс өтті. Онда Сыр елі мен Алматы облысының өнерпаздары айтысып, көрерменге керемет кеш сыйлады. Қос өңірдің ақындары ата дәстүрді жаңғыртып, түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысы бойынша сынға түсті. Жыршылар, термешілер, дәстүрлі әншілер мен күйшілер өнер жекпе-жегінің көркін қыздырды. Шара «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай еңбек құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Сайыс қорытындысымен Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанып, ақтық кезеңге жолдама алды. Айта кетейік, өнер бәйгесі «AMANAT» партиясының қолдауымен былтыр Сыр өңірінен басталған.

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мамыр айында өзінің мәресіне жетпекші. Осы екінші кезеңнен жеңіске жеткен 4 команда мамыр айында ел ордасы Астана қаласында 2 күндік үлкен жарыс болады. Сонда бақ сынасатын болады. Жобаның ең басты мақсаты біздің ғасырлар бойы қазақ халқының рухани болмысын қалыптастырған ұлттық өнерімізді көтеру, насихаттау, соған баулу.