$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Қостанай облысында сырғанақты бұзып жатқан жұмысшы көз жұмды

17.02.2025ж. 20:00
129
Қостанай облысында сырғанақты бұзып жатқан жұмысшы көз жұмды

Қостанай облысы Қамысты ауданында сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы көз жұмды. Полиция іс қозғады. Оқыс оқиға Қамысты ауданы әкімдігінің алдында болған. Марқұм алаңдағы сырғанақты бұзу кезінде тайып құлаған көрінеді. Оны дереу аудандық ауруханаға жеткізген. Алайда жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

КАРИНА БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қамысты ауданында адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.Болған оқиғаның барлық мән-жай анықталуда.