"Bir tolqynda" жобасы Алматы қаласында ерекше форматта өтуде. Биылғы шара экскурсия түрінде ұйымдастырылып, жастар өндіріс орындарымен жақын танысуға мүмкіндік алды. Қатысушылар апта сайын өнеркәсіп орындарының жұмысын көзбен көріп, өндірістік мамандықтардың қыр-сырымен танысады. Ашық алаңда шеберлік сыныптары өтіп, мамандар өз тәжірибелерімен бөліседі. Жобаның мақсаты – жастарға жұмысшы мамандықтарды таныстырып, оларды болашақ кәсіптерін таңдауға бағыттау. "AMANAT" партиясының бұл бастамасы оқушылардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын оятуда.
ДИДАРБЕК ДІЛДӘБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жастарға қызық болу мақсатында барлық Алматы қаласы маңында орналасқан жаңағы зауыттарға осындай, осы бағытта қызмет атқарып жатқан магазиндер болсын, жастарға өздерінің беретіні бар орталықтардың барлығында тірідей осындай кездесулерді ұйымдастырып жатқан жағдайымыз бар.
Ал тараздық оқушылар Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің өндірістік базасымен танысты. Олар темір дәнекерлеу ісі мен ауыр техникалар жөнделетін арнайы цехты аралады. Экскурсияда оқушылар студенттермен әңгімелесіп, қызықтырған мамандық туралы жақынырақ білді.
НҰРАЙ КӘБДІРАХМЕТ, ОҚУШЫ:
Экскурция қатты ұнады. Бұл техника біздің болашағымызбен тығын байланысты. Себебі, біздің қазіргі барлық жасап жатқан дүниеміз барлығы техникада, техниканың қолында. Біз техника арқылы дамимыз.
ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ЖОФ ТӨРАҒАСЫ:
Қазіргі таңда оқушылардың бойында гранты көп мамандыққа түсіп алу деген осындай үрдіс бар. Кейін ол мамандықпен жұмыс жасамай жатады. Сонықтан өзі қызықпайтын, өзі қаламайтын мамандықтарға емес осындай сұранысқа ие, осы мамандықтар арқылы да өзінің күнін көре алатындығын түсіне білді деп ойлаймын.