Мектеп оқулықтарының қайта-қайта өзгертілуі бюджетке 16 млрд теңге шығын келтірген. Бұл туралы орта білім беру саласында жүргізілген мемлекеттік аудит барысында анықталды. Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, саладағы стратегиялық құжаттардың үнемі ауысып отыруы бұрынғы бастамалардың аяқсыз қалдырады. Ал оқу жоспарларындағы жиі өзгерістер шығарылып қойған оқулықтарды қайта қарауға және бюджеттің тиімсіз шығыстарына әкеледі. Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді.
НАЗИРА ӘБДІРАХМАНОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫН САРАПТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Оқу бағдарламасына сәйкес ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқыту өзгертілді. Екіншіден, қазақ тілінде оқитын мектептер үшін орыс тілі пәні екінші сыныптан бастап оқыту, үшіншіден, көркем еңбек пәні бейнелеу өнері және еңбекке баулу пәндеріне бөліп оқыту. Қолданыстағы нормативтік - құқықтық актілер бойынша оқулықтар әр бес жыл сайын жаңартылып отырады.