Мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар арқылы сатып алынған баспананы жалға беру заңды ма? Бұл сұрақ көптеген тұрғын үй иелерін қызықтырады. Мамандардың айуынша заң жүзінде оған ешқандай шектеу жоқ. Ал, пәтер бірнеше адамға ортақ болған жағдайда, жалға беру үшін басқа иелерінің рұқсат қағазы қажет.
ДАРИЯ БАТЕНОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
ҚР тұғын үй қатынастары заңына сәйкес үй азаматтың меншігінде болған жағдайда ол келесі бір үшінші тұлғамен келісіп жалға үйін беруге құқылы. Егерде ол мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып оны жалға беремін десе оған ешқандай шектеу қойылмайды.
Сондай-ақ баспана банк немесе микроқаржы ұйымында кепілде тұрса жалға беру заңсыз болып табылады. Келісм шартты бұзған жағдайда кепілге беруші ұйым азаматтық сотқа жүгіне алады.
ЖАНДОС ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:
Яғни бұл жерде не себептен банк немесе кепілге алушы микрокредиттік ұжым мұндай қадамдарға барады. Өйткені кейбір жағдайда кепілге алушы кепілге алынған заттың тозбауына немес қандай да бір қауіп төнбеуіне себебі көп жағдайда жалға алушылар өзінің пәтері болмағандықтан дұрыс қарамай жатады. Осындай фактілер болуы мүмкін.