$495.28 €538.32 ₽5.77
×

"Барыс" ХК қатарынан 5 рет жеңілді

17.02.2025ж. 20:00
125
"Барыс" ХК қатарынан 5 рет жеңілді

Қысқы "Азия" ойындарында хоккейшілеріміз алтыннан алқа тақты деп қуанып едік. Өкінішке қарай Елордалық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан 5-ші рет жеңіліс тапты. Астаналық клуб бұл жолы "Ладаға" есе жіберді. Кездесудің екінші кезеңінде 2 шайбамен алда тұрған жерлестеріміз үшінші таймда қақпасына жауапсыз 3 гол өткізді. Соңғы 5 кездесудің әрқайсында Барыс қақпасына кемі 4 шайба соғылды.

Сәтсіздіктен көз ашпаған Барысқа керек өзгерісті Манчестер сити қолға алды. Ағылшындық клуб үмітті ақтамай жүрген 3 жұлдызбен қош айтыспақ. Бас бапкер Хосеп Гвардиола ауқымды жоспардың жүзеге асуы үшін негізгі құрамның ойыншыларын сатуды жоспарлап отыр. Яғни Кевин Де Брейне, Бернарду Силва мен Илкай Гюндоган кетуі мүмкін. Тіпті жас Фил Фоденнің де 150 млн еуроға басқа қлубқа ауысуы ғажап емес.

"Атлетико Минейро" сапындағы Халк 33 метрден гол соғып, сәт сайын сәтті өнер көрсетіп жүр. Ол Марвелдың кейіпкері емес, физикалық қалпына қарай "Халк" лақап атын алған кәдімгі футболшы Живанилду Виейра. Күні кеше "Томбенсе" қақпасына дубль жасап, 33 метрлік айып добын тебуде мүлт кетпеді.

Спорттық көлік аспанға көтерілді. Райан Прис тізгіндеген автомобиль Кристофер Белланың "Тойотасына" соғылып, артынша аударылып кетті. Жүргізуші аман-есен. Райан Прис өткен жылы да көлігімен 1 сәтте 10 мәрте аударылып, ғайыптан тірі қалған еді.