$489.15 €533.47 ₽5.64
×

«Таза Қазақстан» экологиялық шарасы Созақ ауданында жалғасты

«Таза Қазақстан» экологиялық шарасы Созақ ауданында жалғасты

Тазалық өзімізден басталады. «Таза Қазақстан» акциясы Созақ ауданында ұйымдастырылды. «Таза қала» атауымен өткен экологиялық шараға 4 мың адам қатысты. Саябақтар, ішкі көшелер, ауыл маңындағы сай-сала мен су өткізгіш құбырлар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. 115 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.

БҮРКІТ АРЫНБЕКОВ СОЗАҚ, АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

Бүгінгі күні экология мәселесі біле білген адамға өте күрделі болып тұр бүкіл дүниеде. Оның ішінде біздің елімізгеде, біздің ауданымызға да өте қажетті тірлік. Мұны бәріміз құптаймыз.

БАБИ ОРЫНБАСАР, СПОРТШЫ:

Тазалық тек қана қоршаған ортаға емес, біздің денсаулығымызға да, көңіл-күйімізге де әсер етеді.Сондықтан экологияға жауапкершілікпен қарап, осы шараға өз үлесімізді қосу өте маңызды.