$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Бензин бағасы ақпанның аяғына дейін қалай өзгереді?

AstanaTV
17.02.2025ж. 19:19
132
Бензин бағасы ақпанның аяғына дейін қалай өзгереді?
Фото: Massaget.kz

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу туралы бұйрық ресми түрде күшін жойды. Тиісті бұйрыққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойып, 30 қаңтарда күшіне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық отын қауымдастығы мәліметінше, бұйрық күшін жойғаннан кейін, 1 ақпаннан бастап жанар-жағармайды көтерме жеткізушілер бағаны көтерген. Бұл айдың аяғына дейін жанармайдың бөлшек саудадағы құнына әсер етеді.

"Отын нарығын 80 пайызға бақылайтын KC Energy Group пен Қазмұнайгазды қосқанда ресурс ұстаушылар 1 ақпаннан бастап көтерме бағаны өсірді. Осылайша бөлшек сатушылар ақпандағы отын көлемін жоғары бағамен сатып алып жатыр. Мәселен, дизель отыны мен АИ-92 бензинінің көтерме бағасы орта есеппен литріне 4 теңгеге өсті. Тиісінше ақпанның аяғына қарай бұрынғы бағамен жинақталған көлемге байланысты жанар-жағармайдың бөлшек құны литріне 4 теңгеге артады", - деп түсіндірді қауымдастық өкілдері.

Сондай-ақ, қауымдастық өкілдері қосылған 4 теңгенің 80 пайызы немесе 3 теңге мемлекеттік бюджетке акциз түрінде алынатынын айтты.