$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Алматыда көліктің алдыңғы нөмірін аударып алған көлік жүргізушісі сотталды

AstanaTV
17.02.2025ж. 22:39
226
Алматыда көліктің алдыңғы нөмірін аударып алған көлік жүргізушісі сотталды
Фото: Zakon.kz

Алматыда бейнекамералардан айласын асырғысы келген көлік жүргізушісі сотталды. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жазадан жалтару үшін көліктің алдыңғы нөмірін аударып алған "Тойота Марк-2" тізгініндегі 27 жастағы азаматты полицейлер Сүйінбай даңғылында ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қалалық бейнежүйелерді бақылау барысында алдыңғы нөмір салғышқа нөмірді аударып жіберетін механикалық қондырғыларды орнатқан жол ережесін бұзушы анықталды. Бейнетіркеу камераларына жақындаған кезде жол талғамайтын көліктің жүргізушісі, ол өзі аталған көліктің иесі, пультпен құрылғыға сигнал беріп, көлік қозғалған кезде мемлекеттік нөмірді жасырған. Әрине, көлігінің нөмірін жасыру арқылы жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзған, солай жол қозғалысына қатысушыларға қасақана қауіп төндірген. Бұл жерде ешқандай ақталуға жол жоқ. Құқықбұзушы ұсталды және ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 4 бөлігі бойынша жазаланды. Сот шешімімен жүргізуші 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. ", - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар, жол ережесін өрескел бұзушының 1 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны да нақтыланады.