$502.47 €525.83 ₽5.68
×

18 ақпанда ауа райы қандай болады?

AstanaTV
17.02.2025ж. 23:31
157
18 ақпанда ауа райы қандай болады?
Фото: unsplash

"Қазгидромет" РМК мамандары республикамыз бойынша алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Astana TV.

Оған сәйкес, антициклон салдарынан Қазақстан территориясының басым бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

"Тек еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты боран соғып, қар жауады деп күтіледі. Республикамыз бойынша жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі", – деп нақтылайды "Қазгидромет" РМК.