Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ертең Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің басшылары ЕХРО-2017 көрмесінің ресми ашылуына қатысады

AstanaTV
08.06.2017ж. 20:00
2199
Ертең Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің басшылары ЕХРО-2017 көрмесінің ресми ашылуына қатысады

Ертең Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің басшылары ЕХРО-2017 көрмесінің ресми ашылуына қатысады. Конгресс-орталықта өтетін айтулы шара «Астана» телеарнасынан сағат 19.15.-те тікелей эфирде көрсетіледі. Ашылу салтанатының алдында мәртебелі меймандар Қазақстан павильонын аралайды деген жоспар бар.

«Астана» арнасынан маңызды шаралардың барлығын, соның ішінде лазерлік шоуды да тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Сондай-ақ жаңалықтар уақыты өзгереді. Ертең, яғни 9 маусымда, қазақ тіліндегі жаңалықтар 19.00-де, ал орыс тіліндегі шығарылым 19.30- да басталады. Арнамыз қосулы болсын.