$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Астанада кәмелетке толмаған қыз он бесінші қабаттан секіріп кетті

AstanaTV
18.02.2025ж. 00:19
187
Астанада кәмелетке толмаған қыз он бесінші қабаттан секіріп кетті
Фото: ашық дереккөз

Астанада жасөпірім қыз тұрғын үйдің он бесінші қабатындағы терезеден секіріп кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға орнынан бейне жазбалар әлеуметтік желілерде жарияланған. Оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, жасөспірім өзінен кейін хат қалдырып кеткен.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген. Қазір оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда. 

«Кәмелетке толмаған қыз баланың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала ақпарат бойынша ол биіктен секірген», - делінген Астана ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.