$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Шымкентте ағасы інісінің көлігіне есірткі салып жіберген

AstanaTV
18.02.2025ж. 06:20
108
Шымкентте ағасы інісінің көлігіне есірткі салып жіберген
Фото: скриншот

Шымкентте 20 жасар жігіт есірткі тасымалдаған. Алайда ол көлігіндегі темекі қорабында қандай зат бар екенін білмеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Полицейлер «Приора» тізгіндеп келе жатқан жас жігітті таңғы уақытта тоқтатқан. Ол көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзған. Тексеру кезінде тәртіп сақшыларының көзіне скотчпен оралған темекі қорабы түскен. Алайда көлік жүргізушісі қаптамада не бар екенін білмейтінін және оны ағасы салып жібергенін айтқан. Сонымен қатар полицейлердің көзінше туысына қоңырау шалыпты. Телефонға жауап берген ер азамат інісе қорапты лақтырып жібер деп тапсырма берген.

Қаптамадағы есірткі заты кептірілген марихуана болып шықты. Есірткі жолдаушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған жайт бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, жинақталған іс материалдары сотқа жолданды,-делінген полиция мәліметінде.