$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Жағдайы нашарлаған Рим Папасы емін ауруханада жалғастыратын болды

AstanaTV
18.02.2025ж. 12:13
112
Жағдайы нашарлаған Рим Папасы емін ауруханада жалғастыратын болды

Ватиканның хабарлауынша, понтификке тыныс жолдарының полимикробтық инфекциясы диагнозы қойылған соң ол емдеудің жаңа курсын алып, ауруханада тағы жатуы тиіс, деп хабарлайды Euronews-ке сілтеме жасап KAZINFORM. 

— Рим Папасы Францисктің жағдайы бұрын ойлағаннан да ауыр және оның ауруханада болу мерзімі ұзартылады, — делінген дүйсенбі күні Ватиканның мәлімдемесінде.

Хабарланғандай, 88 жастағы понтификке тыныс жолдарының полимикробтық инфекциясы диагнозы қойылды, ол «ауыр клиникалық жағдайды» шешу үшін оның емделуін өзгертуді талап етті.

Ватиканның баспасөз хатшысы Маттеро Бруни емделу мерзімі қанша уақытқа созылатынын айтпады, бірақ ауру белгілерінің ауырлығы «ауруханада жатуды қажет ететінін» айтты. 

Оның айтуынша, Рим Папасы Франциск жақсы ұйықтап, бірнеше газет оқып, таңғы ас ішкен.

Өткен аптада рим-католик шіркеуінің басшысы респираторлық инфекцияға байланысты «диагностикалық сынақтар» үшін Римдегі Агостино Джемелли ауруханасына жатқызылды. Оның кеңсесі понтификтің осы аптадағы кездесулері, соның ішінде сәрсенбіге жоспарланған аудиенцияның өткізілмейтінін растады.

Ол сондай-ақ жексенбіде апта сайынғы Angelus дұғасын жіберіп алды — бұл жетекшілік етуінің 12 жылы ішінде екінші рет қайталанған оқиға.

Жас кезінде туған жері Аргентинада ол ауыр пневмониядан зардап шеккеннен кейін өкпесінің бір бөлігі алып тасталған еді. 2023 жылы ол бронхит диагнозымен ауруханаға жатқызылды.